Учебник по химии для 10 класса на казахском языке.
Осы жылы сен химияның ең маңызды бөлімін – органикалық химияны үйренесің. Органикалық химия пәні – химия ғылымы мен өндірісінің тез дамып келе жатқан саласы. Қазіргі уақытта бірнеше миллионнан астам органикалық қосылыстар бар, олардың арасында жабайы табиғатта әлі ашылмаған заттар бар. Бұл заттарды алу химиктердің ғылыми жұмыстарының нәтижесі болып табылады.
Органикалық заттар – жер бетіндегі тіршіліктің материалдық тасымалдаушысы. Әрбір тірі организмде ондаған органикалық қосылыстар: ақуыздар, липидтер, көмірсулар, нуклеин қышқылдары, организмнің тіршілік әрекетін қамтамасыз ететін тұрақты өзгерісте болатын гормондар, дәрумендер бар.
Не үшін бірдей құрамдағы заттар әртүрлі қасиеттерге ие?
Органикалық заттар изомерлерді қалыптастыру қабілетіне ие. Бұл қосылыстар атомдар саны бойынша бірдей, бірақ құрылыcы немесе кеңістіктегі күйі бойынша ерекшеленеді. Молекуланың құрылысы және оның орналасуы органикалық қосылыстардың физикалық және химиялық қасиеттеріне әсер етеді. Изомерия ұғымын химия пәніне XIX ғасырдың 30-жылдарында швед ғалымы Й. Берцелиус ұсынған.
А. Бутлеров органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясындағы изомерия құбылысын сипаттаған. Химиялық заттардың қасиеттері тек атомдар санымен ғана емес, сонымен қатар олардың молекуладағы және кеңістіктегі күйімен де байланысты екенін теорияның екінші тармағында сипаттады. Ғалым изомерия құбылысының мәнін бірінші болып түсіндірді, изобутиленді синтездеді және оның полимерлену реакциясын жүргізді, осыған орай қосылыстардың жоғары молекулалық синтезіне негіз салды. Көптеген органикалық заттар синтездеді.
МАЗМҰНЫ.
I ТАРАУ ОРГАНИКАЛЫҚ ХИМИЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫС ТЕОРИЯСЫ ТУРАЛЫ БАСТАПҚЫ ҰҒЫМДАР.
1.1. Органикалық химия тарихы. Органикалық қосылыстардың өзіне тән қасиеттері.
1.2. Органикалық қосылыстардың құрылыс теориясы.
1.3. Органикалық қосылыстардағы көміртектің валенттілігі және тотығу дәрежесі.
1.4. Изомерия және оның түрлері.
1.5. Органикалық қосылыстардың жіктелуі.
1.6. Органикалық қосылыстарға тән реакция түрлері.
1.7. Органикалық қосылыстардың номенклатурасы.
1.8. Органикалық қосылыстардың номенклатурасы мен изомериясы бойынша есептер мен жаттығуларды шешу.
1.9. Практикалық жұмыс. Органикалық қосылыстардың үлгілерімен танысу және салыстыру.
1.10. Практикалық жұмыс.Органикалық қосылыстардың құрамын талдау.
II ТАРАУ КӨМІРСУТЕКТЕР.
2.1. Алкандар.
2.2. Алкандардың изомериясы мен аталуы.
2.3. Алкандардың алынуы және физикалық қасиеттері.
2.4. Алкандардың химиялық қасиеттері және қолданылуы.
2.5. Циклоалкандардың құрылысы. Изомериясы және аталуы.
2.6. Циклоалкандардың алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
2.7.Алкендер. Номенклатурасы. Изомериясы.
2.8. Алкендердің алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
2.9. Практикалық жұмыс. Этиленнің алынуы мен қасиеттерін зерттеу.
2.10. Алкадиендер. Гомологтық қатары. Изомериясы. Аталуы.
2.11. Алкадиендердің алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
2.12. Каучук. Резина.
2.13. Алкиндер. Гомологтық қатары. Изомериясы. Аталуы.
2.14. Алкиндердің алыну, қасиеттері, қолданылуы.
2.15. Ароматты көмірсутектер. Гомологтық қатары. Изомериясы. Аталуы.
2.16. Ароматты көмірсутектердің алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
2.17. Стирол, оның алынуы, қасиеттері, қолданылуы.
2.18. Көмірсутектердің табиғи көздері. Табиғи газ.
2.19. Мұнай және мұнайды қайта өңдеу.
2.20. Таскөмір.
2.21. Практикалық жұмыс. Көмірсутектердің шарстерженді және масштабты модельдерін жасау.
2.22. Көмірсутектердің табиғи көздері, оларды қайта өңдеу өнімдерін тиімді пайдалану.
2.23. Көмірсутектердің негізгі сыныптарына байланысты есептер мен жаттығуларды шешу.
2.24.Тарау бойынша тапсырмалар.
III ТАРАУ ОТТЕКТІ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚОСЫЛЫСТАР.
3.1. Қаныққан бір атомды спирттер. Гомологтық қатары. Номенклатурасы. Изомериясы.
3.2. Қаныққан біратомды спирттердің химиялық алынуы, қасиеттері және қолданылуы.
3.3. Көп атомды спирттер.
3.4. Этиленгликоль. Глицериннің қасиеттері.
3.5. Практикалық жұмыс. Көпатомды спирттерге байланысты тәжірибелер.
3.6. Фенолдар және ароматты спирттер.
3.7. Фенолдар және ароматты спирттер. Алынуы және қолданылуы.
3.8. Жай эфирлер. Алынуы және қасиеттері.
3.9. Оксоқосылыстар. Альдегидтер. Алынуы және қасиеттері.
3.10. Практикалық жұмыс. Спирттер мен альдегидтерге тән реакциялар.
3.11. Кетондар. Алынуы және қасиеттері.
3.12. Карбон қышқылдары. Алынуы және қасиеттері.
3.13. Карбон қышқылдары тақырыбына байланысты есептер шешу.
3.14. Күрделі эфирлер.
3.15.Практикалық жұмыс. Өсімдіктердің құрамындағы күрделі эфирлер.
3.16. Майлар. Алынуы және қасиеттері.
3.17. Практикалық жұмыс. Майлардан сабын алу.
3.18. Көмірсулар. Моносахаридтер.
3.19. Дисахаридтер. Мальтоза. Сахароза.
3.20. Полисахаридтер. Крахмал. Целлюлоза.
3.21. Практикалық жұмыс. Көмірсуларға тән реакциялар.
3.22. Табиғи және жасанды талшықтар.
3.23. Практикалық жұмыс. Органикалық қосылыстарды өзіне тән болған реакциялар негізінде анықтау.
3.24. Тақырыпқа байланысты есептер мен жаттығуларды шешу (1).
3.25. Тақырыпқа байланысты есептер мен жаттығуларды шешу (2).
IV ТАРАУ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ.
4.1. Органикалық заттарды өндіру өнеркәсібі.
4.2. Органикалық қалдықтар және оларды өңдеу.
4.3. Практикалық жұмыс. Қағазды қайта өңдеу.
Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Химия, 10 сынып, Исматов И., Азаматова Д., Муминжонов M., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.
Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу
Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:
Хештеги: #учебник на казахском языке :: #химия :: #Исматов :: #Азаматова :: #Муминжонов :: #10 класс
Смотрите также учебники, книги и учебные материалы:
Следующие учебники и книги:
- Himiýa, 7 synp, Askarow I., Gopirow K., Azamatowa D., 2022
- Ximiya, 7 klas, Xasanova S., Azamatova D., Ismatov I., 2022
- Himiýa, 10 synp, Ismatow I., Azamatowa D., Mominjanow M., 2022
Предыдущие статьи:
- Ximiya, 10 klas, Ismatov Sh., Azamatova D., Móminjanov M., 2022
- Kимиё, 7 синф, Aсқаров И.Р., Ғафуров К., 2022
- Химия, 7 класс, Aскаров И., Гапиров К., 2022
- Химия, 7 сынып, Асқаров И., Гафуров К., 2022