Учебник по казахскому языку для 10 класса на казахском языке.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған негізгі мақсат – тіл үйрету, мемлекеттік тілді меңгерту, осы тілде дұрыс сөйлеу, сауатты жазу дағдыларын қалыптастыру, грамматикалық ережелер мен сөйлем құрылысын меңгерту.
Қазақ тілін оқыту барысында тілдің қыр – сырын, табиғатын таныта отырып ертеңгі өмірден орын таба алатын, өзіне сенімді, парасатты ұрпақ тәрбиелеу үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта түсуіміз қажет.
Дәстүрлі eмec сабақтар.
Дәстүрлі емес сабақтар интеграциялық сабақ пән аралық байланысты жетілдіру мақсатына байланысты пайда болған. Мұндай сабақтарда бір тақырыпты түрлі пәндерден беретін мұғалімдер оқытады. Кіріктірілген сабақтың негізгі мақсаты – оқу материалдарын байланыстырып, сабақта оқушыларға терең білім беру, ойлау қабілетін дамыту. Оқу материалдарын бағдарламаларға сай пәндер бойынша біріктіріп беру оқушылардың жан-жақты тутас, терең және берік білім алуына мүмкіндік жасайды. Сондықтан жыл сайын әрбір мұғалім пәндердегі ұқсас оқу материалдарын біріктіріп, яғни пән аралық байланыс принципін қолданып, интегралдық жоспар жасайды. Ондағы материалдарды дер кезінде сабаққа пайдаланып, тиімді етіп іске асырады.
Оқушымен жеке жұмыс. Әр оқушыға тапсырма беріледі, оны басқа оқушылардың көмегінсіз өзі орындауға тиісті. Тапсырмалардың түрлері: ана тілінен орыс және шетел тілдерінен жаттығулар жазу, есептер шығару, кабинетте тәжірибе жасау, тірі табиғат бұрышында, оқу-тәжірибе учаскесіндегі жұмыс, тау тастарын, минералдарды зерттеу, т.б. Тапсырмалар әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне сай беріледі, үлгерімдері төмендер білімдеріндегі кемшіліктерді жоюға, жақсы оқитын оқушылар білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады. Мұғалім әрбір баланың жұмысын, әсіресе сабаққа ынтасы төмен балаларды бақылайды, керек болса көмек, ақыл-кеңес, жетекші сұрақ, қосымша жаттығу береді. Eгep барлық оқушылар тапсырманы орындай алмаса, онда жеке жұмысты тоқтатып, бүкіл сыныпқа тапсырманы қайта түсіндіреді. Баспадан шыққан тапсырмалар, жұмыс дәптерлері өте пайдалы.
МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
Тілдік дағдыларды дамытуға арналған стратегиялар.
Қазақ тілі пәнінен PISA тапсырмалары.
Қазақ тілін оқытуда әдістемелік құралда қолданылған интербелсенді әдіс-тәсілдер.
Оқушылардың білімін бағалау, кері байланыс орнату, сергіту мақсатында қолданылған әдіс-тәсілдер.
Дәстүрлі емес сабақтар.
Қазақ тілі пәні бойынша жылдық жоспар.
1-сабақ. Махаббат және біз (фразеологизмдер).
2-сабақ. Табиғаттың ең қымбат қазынасы. Кәсібің өрге жүзсін десең (сөйлемнің бірыңғай мүшелері).
3-сабақ. Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп! Аналық махаббат (омоним, синоним, антоним).
4-сабақ. Қоғамның бір мүшесімін. Қоғам, адам және азамат (сөздердің байланысу тәсілдері).
5-сабақ. Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (перифраза).
6-сабақ. Тәжік халқында ұл мен қыз тәрбиесі. Өзбектердің қонақжайлылығы. Қырғыз музыкалық фольклоры (күрделі сөздер).
7-сабақ. Құқық және борышымыз. Өзбекстан Республикасының Конституциясы. Мемлекеттің егемендігі (фонетика).
8-сабақ. Адамды қадірлеген заң. Өзбекстан азаматының жеке құқықтары мен еркіндіктері (дауысты және дауыссыз дыбыстар).
9-сабақ. Бақылау жұмысы. Диктант.
10-сабақ. «Жеті жарғы» бабалар заңы. Отанды сүю – міндетің, Отанды қорғау – парызың!.
11-сабақ. Шаңырақтың негізі – ата-ана. Ата-ананың отбасындағы парызы қандай? (сингармонизм).
12-сабақ. Мен және басқалар. Жеке тұлға туралы түсінік, адамның тұлғалық ерекшеліктері. (тәуелдік жалғауы). Адамның білмегенді білуге құмарлығы.
13-сабақ. Мәдениет – әлеуметтік таным белгісі. Тіл – мәдениеттің ең негізгі элементі.
14-сабақ. Дос – егіз, дұшпан – сегіз. Әлеуметтік мәдениет (диалект).
15-сабақ. Әлеуметтік желі және жастар. Ғаламторды дұрыс пайдалана білу – үлкен білім көзі (қыстырма сөздер және оның тыныс белгілері).
17-сабақ. Психологиялық тәрбие. Дін мен мәдениет байланысы. Ар-ұждан, сенім өлшемі (ауыспалы мағыналы сөздер) Өзін-өзі тәрбиелеу.
Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын әдіс-тәсілдер.
Қазақ тілінен белсенді оқыту түрлері.
18-сабақ. Психологиялық пәрмен немесе қазақи тәрбие. Мәтіндер бойынша жұмыс. Әкеге хат (сөйлем мүшелері).
19-сабақ. Адалдық – адам бойындағы таза ниет, бағалы қасиет. Шәкәрім философиясындағы абырой, намыс, ұждан ұғымдары. Ар-ұят.
20-сабақ. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Тіл – татулық тірегі (стилистика).
21-сабақ. Сөздің құдіреті. Тіл экологиясы.
22-сабақ. Шығыстың сөнбес жұлдыздары. Сөз бұзылса, ой да бұзылады (варваризмдер, сленг сөздер).
23-сабақ. Ғылым мен технология. Сөздің астары, ойдың астары (мақал-мәтелдер).
24-сабақ. Ғылым мен технология адам баласының игілігі үшін. Мәтіндермен жұмыс.
25-сабақ. Сананы торлаған ғаламтор немесе кітапқа құлықсыз қоғам (грамматика).
26-сабақ. Бақылау жұмысы. Диктант.
27-сабақ. Егер де бай болсам. Байлық қоғамға және жеке адамға қатысты материалдық игіліктер мен рухани құндылықтар (пунктуация).
28-сабақ. Адалдық пен арамдық. Әке мен бала. Мәтіндер бойынша жұмыс (сұрау, леп белгілерінің қойылу ерекшеліктері).
29-сабақ. Киноиндустрия. Авторлық құқық. Кино өнері. Мәтін бойынша жұмыс.
30-сабақ. Адам және табиғат. Табиғатпен байланысты он бір фраза. Табиғат және адам (морфология).
31-сабақ. Қызыл кітап беттері. Қызыл кітап – халықаралық дәрежедегі кітап. Экологиялық дүниетаным.
32-сабақ. Табиғат құбылыстары. Табиғатты қорғау – біздің парызымыз. Мәтіндер бойынша жұмыс.
33-сабақ. Бақылау жұмысы.
34-сабақ. Оқу жылы соңындағы қайталау.
Оқу материалдарын түсіндірудің негізгі бағыттары.
Конспектілеу ережелері.
Оқу материалдарын меңгерту жолдары.
Пікірталасқа дайындау әдістемесі.
Пікірталас түрлері.
Дидактикалық материалдар.
Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Қазақ тілі, 10 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Рзахметова Б., Байдиллаева Д., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.
Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу
Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:
Хештеги: #учебник на казахском языке :: #казахский язык :: #Рзахметова :: #Байдиллаева :: #10 класс
Смотрите также учебники, книги и учебные материалы:
Следующие учебники и книги:
- 40 уроков казахского языка, Кожахметова Х., 1989
- Қазақ тілі, 7 сынып, Айтбаев Д., 2022
- Қазақ тілі, 6 сынып, Байқабылов У.А., Дуйсабаева Д.У., 2022
- Ана тiлi және оқу сауаттылығы, 3 сынып, 1 бөлім, Абдувалитов Н., Байтураева М., 2022
Предыдущие статьи:
- Ана тілі және оқу сауаттылығы, 3 сынып, Жаттығу дәптері, Абдувалитов Н., Байтураева М., 2022
- Ана тiлi және оқу сауаттылығы, 2 сынып, 2 бөлім, Абдувалитов Н., Байтураева М., Джулдибекова Б., 2021
- Ана тiлi және оқу сауаттылығы, 1 сынып, 2 бөлім, Абдувалитов Н., Байтураева М., Джулдибекова Б., 2021
- Қозоқ тілі, Ңораггайым деңгей, Оқу қуралы, Игенова А.А., Ағымбаева М.Ш., Боранғазы Ф. ., 2023