Қазақ тілі, 7 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Мирзахмедова Р., Байдиллаева Д., 2022

Қазақ тілі, 7 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Мирзахмедова Р., Байдиллаева Д., 2022.

Учебник по казахскому языку для 7 класса на казахском языке.
 
   Оқу құралында соңғы жылдары әдістемемізге еніп жатқан жаңа әдіс-тәсілдер мен жаттығулар, рефлексия мен кері байланыс, тренингтер мен ойсергектер, ойындар жинақталған. Оқу үдерісіне шығармашылықпен қолдануға ұсынылатын бұл көмекші құралдағы материалдар алғаш рет алфавиттік жүйемен беріліп отыр.
«Өмір бойы білім алу – әр оқушының өмірлік кредосына айналуы қажет», – деген сөз ұстаздарға тікелей қатысты. Өзгелерге білгеніңді немесе білу керектіні үйрету үшін, алдымен, соны қалай үйретуді білу шарт. Бұл жинақта осыны басты назарда ұстап, соңғы жылдары педагогикамызға қосылып жатқан жаңа әдіс-тәсілдердің біршамасының басын қосып беруді мақсат тұттық. Мұғалім шығармашылығы – ұшы-қиыры жоқ ізденіс, өнер, қиял, тапқырлық, үйрену, даму. Үйретуші сөз арқылы емес, әрекет арқылы үйретуді басты назарда ұстағаны жөн. Және сол әрекетті үйренуші атқарғаны дұрыс. Сол кезде ғана берген білім сапалы, алған білім өмірлік болары анық.

Қазақ тілі, 7 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Мирзахмедова Р., Байдиллаева Д., 2022


СӨЗЖАСАМ. СӨЗ БЕН МАҒЫНА.
Лексика – бір тілдегі сөздердің жиынтығы. Қазақ тілінде лексика сөздік құрам деген ұғымды білдіреді. Тілдің лексикасын, сөздік құрамды тіл білімінің лексикология ғылымы зерттейді. Лексикология семасиология, этимология, фразеология, диалектология тағы басқа тарауларға бөлінеді. Лексикологияның ең басты зерттеу нысаны – сөз. Сөз белгілі ұғым атауы болып, әр алуан мағынаны білдіреді.

Сөзжасам – жаңа мағыналы туынды сөздердің қалыптасуы мен мағыналық дамуын, жасалу тәсілдерін зерттейтін саласы. Зат не құбылыс туралы ұғым тілде таңбаланып, сөзжасамдық үдеріс негізінде, атау ретінде танылады. Сөзжасамның зерттеу нысанына атаудың жасалуы, қалыптасуы, ұғымда қалыптасқан бейненің тілдік таңбасы, туынды сөздің жасалу сипаты, әдіс-тәсілдері, жаңа мағынаның ішкі құрылымы сияқты тағы басқалар жатады. Қазақ тілінің сөзжасам жүйесі атаудың қалыптасуымен қатар, мағынаның дамуын, ұғым-мағына – атаудың кешенді бірлігін қарастырады.

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
Бағдарлама туралы қысқаша мәлімет.
Қазақ тілінен күнтізбелік жоспар.
Тілдік дағдыларды дамытуға арналған әдіс-тәсілдер.
Отан туралы.
Үздік әлеуметтік желілер.
Заман талабына сай жаңа мамандықтар қажет.
Бузкаши – тәжіктің ұлттық ойыны.
Экология – жаратылыстану.
Шоқжұлдыздар.
Ұлықбек – түркі өркениетіндегі ұлы тұлға.
Бәйшешек – көктем елшісі.
Бақылау жұмысы.
8 Наурыз – халықаралық әйелдер күні.
Өзбекстан Республикасының ұлттық мерекелері.
Дені саудың – жаны сау.
С дәрумені (Аскорбин қышқылы).
Бақылау жұмысы.
Дәрігер – науқас арақатынасы әдебі.
Араның бәрі бал бермейді.
Ер жігіттің жеті қазынасы.
Өзбек күресі және белбаулы күрес – халық сейілдері мен той-тамашалардың көркі.
Бақылау жұмысы.
Жаңа заман мамандықтары.
Домбыра – қазақ халқының асыл қазынасы.
Ветеринария – ең маңызды мамандықтардың бірі.
Адамның ең сенімді досы әрі жеті қазынаның бірі.
Жаңа заманның мамандықтары.
Банк және несие туралы 10 қызықты дерек.
Әке мен бала.
Дос – көңілдің күмбезі.
Тасқа жазылған сөз.
Айгүлдің әңгімесі.
Әке – балаға сыншы.
Ғылым және оның түрлері.
Физика – табиғат жөніндегі жетекші ғылымдардың бірі.
Галактика.
Электромобиль.
Ұлттың болашағы – ана тілінде. Сөйлеу мәдениеті – ел мәртебесі. (Орфоэпия).



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Қазақ тілі, 7 сынып, Мұғалімдер үшін әдістемелік нұсқаулық, Мирзахмедова Р., Байдиллаева Д., 2022 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Хештеги: :: :: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи: