Технология, 2 сыныб, Санакулов X.Р., Абдиева Д.X., 2021

Технология, 2 сыныб, Санакулов X.Р., Абдиева Д.X., 2021.

Учебник по технологии для 2 класса на казахском языке.

   Сен 1-сыныпта «Технология» сабағында қол еңбегімен жасалған жұмыс үлгілерін, еңбек құралдарды дұрыс қолдануды және қауіпсіздік ережелерін сақтауды үйрендің.
Енді сен 2-сыныпта қағаздан, картоннан және әртүрлі табиғи материалдардан орындалуы күрделі, көп кезеңді қамтитын әртүрлі пішіндер жасау мен құруды, сәндік ойыншықтар, макет пен модельдер жасауды үйренесің.
Ардақты оқушылар, оқулықты тиімді пайдалануға, практикалық жұмысқа шығармашылық көзқараспен қарауға, үй тапсырмасы мен өзіндік жұмыстарды дұрыс орындауға әрекет жаса.

Технология, 2 сыныб, Санакулов X.Р., Абдиева Д.X., 2021


Орманшы.
Орманшы орман табиғатын қорғаушы маман иесі. Орманшының міндеті ағаштарды қорғау және оларды мекендейтін жануарларды сақтау, көбейту болып табылады.

Ормандар Жер шарының өкпесі есептелінеді және тірі организмдердің тыныс алуы үшін оттегі шығарады. Орман ағаштарынан бұйымдар жасалады, олар негізінен үйжай құрылысында, жиһаздарды жасауда қолданылады.

МАЗМҰНЫ.
1-сабақ Адам және технология.
2-сабақ Технологиялық құралдар.
3-сабақ “Ағаштардың күзгі көрінісі” тақырыбында көлемді аппликация дайындау.
4-сабақ “Күзгі гүлдер”. Тұқымдардан гүлдер пішінін жасау.
5-сабақ “Алқап дақылдары”. Тұқымнан асқабақ пішінін жасау.
6-сабақ Табиғи материалдардан жануарлардың пішінін жасау.
7-сабақ Мозаика әдісімен ертегі батырларын жасау.
8-сабақ Бақылау жұмысы – 1. Алтын балықтың пішінін жасау.
9-сабақ Аппликация әдісінде қағаздан өрнек жасау.
10-сабақ Көлемді аппликация әдісімен тасбақа және торғай пішінін жасау.
11–12-сабақтар Квиллинг - бұл шексіз қиял. Квиллинг әдісімен гүлдер, жануарлар, құстар және басқа да пішіндер жасау.
13-сабақ Қағазды модельдеу және көлемді панда пішінін жасау.
14-сабақ Су астындағы патшалық. Көлемді аппликация әдісі бойынша аквариум жасау. Топтық жұмыс.
15-сабақ Бақылау жұмысы – 2. Жаңа жыл мерекесіне қатпарлы құттықтау қағазын дайындау.
16-сабақ Мерекеге маска дайындау.
17–18-сабақтар Шебер қолөнерші. Идеялар мен өнертабыстар.
19-сабақ Үй құрал-жабдықтарының пішінін жасау және композиция құрастыру.
20-сабақ Технологиялық үдеріс және оның кезеңдері.
21-сабақ Өлшеу және жоспарлау.
22-сабақ Қозғалушы көлемді ойыншықтар жасау.
23–24-сабақтар Қозғалушы жүк көлігін жасау.
25-сабақ Қағаздан велосипед макетін жасау.
26-сабақ Бақылау жұмысы – 3. “Қиылыс” аталатын композицияны аппликация әдісімен орындау.
27–28-сабақ Қозғалушы әуе көлігі (ұшақ, тікұшақ) жасау.
29–30-сабақтар СД дисктерден түрлі заттар жасау.
31–32-сабақ Полимерлі материалдардан сувенир жасау.
33-сабақ Бақылау жұмысы – 4. Хумо құсының пішінін жасау.
34-сабақ Аппликация әдісінде көлемді гүлшоқ дайындау.
Өтілген тақырыптар бойынша тапсырмалар.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Технология, 2 сыныб, Санакулов X.Р., Абдиева Д.X., 2021 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Хештеги: :: :: :: ::