Физика, 11 сыныб, Тұрдиев Н.Ш., Турсунметов К.А., Ғаниев А.Ғ., Суяров К.Т., 2018

Физика, 11 сыныб, Тұрдиев Н.Ш., Турсунметов К.А., Ғаниев А.Ғ., Суяров К.Т., 2018.

Учебник по физике для 11 класса на казахском языке.
 
   Физика пәнін оқып-үйрену 6-сыныпта басталады да, алғашқы басқышта механика, жылу, электр, жарық, дыбыс құбылыстары және заттың түзілісі туралы бастапқы мәліметтер беріледі. Физика пәні дәйекті курс ретінде 7-сыныпта “Механика” курсы, 8-сыныпта “Электр” курсы, 9-сыныпта “Молекулярлық физика негіздері”, “Оптика”, “Атом және ядролық физика негіздері” және “Ғарыш жайлы ұғымдар” курстары арқылы оқытылады.
Ал одан кейінгі басқышта жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылған оқу материалдары орта мектептің 10–11-сыныптарында, академиялық лицейлер мен кәсіптік-техникалық колледждерде қайталанбауы, оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне, орта білім дайындығына сәйкес келуі, сонымен қатар физикалық ұғымдарды бірте-бірте күрделендіріп қалыптастыру ескерілген.

Физика, 11 сыныб, Тұрдиев Н.Ш., Турсунметов К.А., Ғаниев А.Ғ., Суяров К.Т., 2018


МАГНИТ ӨРІСІ. МАГНИТ ӨРІСІН СИПАТТАЙТЫН ШАМАЛАР.
Табиғатта кейбір денелерді өзіне тарта алатын ерекшелігі бар табиғи металл түзілістері кездеседі. Денелердің бұндай қасиеті олардың айналасында өріс бар екенін білдіреді. Ғылымда бұл өрісті магнит өрісі деп атау қабылданған. Өзінің айналасындағы магнит өрісін ұзақ уақыт бойы ұстап тұратын денелерді тұрақты магнит немесе жай ғана магнит деп атаймыз.

Дұрыс пішінді магнитті ұсақ темір бөлшектеріне жақындатайық. Сонда біз темір түйіршіктері магниттің тек екі ұшына ғана жабысқанына куә боламыз. Тұрақты магниттің магниттік тарту әсері ең күшті жері магнит полюсі деп аталады. Кез келген магниттің қос полюсі: солтүстік (N) және оңтүстік (S) полюстері болады (1.1-сурет).

Егер екі магнит стрелкасын бір-біріне жақындатсақ, олардың екеуі де бұрылып, қарама-қарсы полюстері бір-біріне бетпе-бет келіп тоқтайды (1.2-сурет). Бұл жағдай магниттелген денелер арасында өзара әсер күштері бар екенін білдіреді. Олар өрістің күш сызықтары бойымен бағытталады.

МАЗМҰНЫ.
КІРІСПЕ.
І тарау. МАГНИТ ӨРІСІ.
1-тақырып. Магнит өрісі. Магнит өрісін сипаттайтын шамалар.
2-тақырып. Бір текті магнит өрісінің токты рамканы айналдыру моменті.
3-тақырып. Токты тура өткізгіштің, сақина мен біліктің магнит өрісі.
4-тақырып. Ток өткізгішті магнит өрісіне өткізу бойынша орындалған жұмыс.
5-тақырып. Ток өткізгіштердің өзара әсер күші.
6-тақырып. Бір текті магнит өрісіндегі зарядты бөлшектің қозғалысы. Лоренс күші.
II тарау. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ИНДУКЦИЯ.
7-тақырып. Электромагниттік индукция құбылысы. Индукция – электр жүргізетін күш. Фарадей заңы.
8-тақырып. Өздік индукция құбылысы. Өздік индукция эқк. Индуктивтілік.
9-тақырып. Заттардың магниттік қасиеттері.
10-тақырып. Магнит өрісінің энергиясы.
III тарау. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТЕРБЕЛІСТЕР.
11-тақырып. Еркін электромагниттік тербелістер (тербеліс контуры). Тербеліс контурында энергияның өзгеруі.
12-тақырып. Тербелістерді график түрінде бейнелеу. Сөнетін электромагниттік тербелістер.
13-тақырып. Транзисторлы электромагниттік тербелістер генераторы.
14-тақырып. Айнымалы ток тізбегіндегі активті кедергі.
15-тақырып. Айнымалы ток тізбегіндегі конденсатор.
16-тақырып. Айнымалы ток тізбегіндегі индуктивті катушка.
17-тақырып. Активті кедергі, индуктивті катушка және конденсатор тізбектеліп қосылған айнымалы ток тізбегіне арналған Ом заңы.
18-тақырып. Айнымалы ток тізбегіндегі резонанс құбылысы.
19-тақырып. Зертханалық жұмыс: айнымалы ток тізбегіндегі резонанс құбылысын үйрену.
20-тақырып. Айнымалы токтың жұмысы мен қуаты. Қуат коэффициенті.
IV тарау. ЭЛЕКТРОМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР ЖӘНЕ ТОЛҚЫН ОПТИКАСЫ.
21-тақырып. Электромагниттік тербелістердің таралуы. Электромагниттік толқын жылдамдығы.
22-тақырып. Электромагниттік толқындардың жалпы қасиеттері (екі ортаның шекарасынан қайтуы мен сынуы). Толқынды сипаттайтын негізгі ұғымдар мен шамалар.
23-тақырып. Радиобайланыстың физикалық негіздері. Ең қарапайым радионың құрылысы және жұмыс істеуі. Радиолокация.
24-тақырып. Телехабарлардың физикалық негіздері. Ташкент – телевидение отаны.
25-тақырып. Жарық интерференциясы мен дифракциясы.
26-тақырып. Зертханалық жұмыс: дифракциялық тордың көмегімен жарықтың толқын ұзындығын анықтау.
27-тақырып. Жарық дисперсиясы. Спектрлік талдау.
28-тақырып. Жарықтың поляризациялануы.
29-тақырып. Инфрақызыл сәулелену. Ультракүлгін сәулелену. Рентген сәулелену және оны пайдалану.
30-тақырып. Жарық ағыны. Жарық күші. Жарықтану заңы.
31-тақырып. Зертханалық жұмыс: жарықталынудың жарық күшіне тәуелділігі.
V тарау. САЛЫСТЫРМАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ.
32-тақырып. Арнаулы салыстырмалық теориясы негіздері. Жылдамдықтарды қосудың релятивистік заңы.
33-тақырып. Массаның жылдамдыққа тәуелділігі. Релятивистік динамика. Масса мен энергияның өзара тәуелділік заңы.
VI тарау. КВАНТТЫҚ ФИЗИКА.
34-тақырып. Кванттық физиканың пайда болуы.
35-тақырып. Фотоэлектрлік эффект. Фотондар.
36-тақырып. Фотон импульсі. Жарық қысымы. Фотоэффектінің техникада қолданылуы.
VII тарау. АТОМ ЖӘНЕ ЯДРОЛЫҚ ФИЗИКА. АТОМ ЭНЕРГЕТИКАСЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
37-тақырып. Атомның Бор моделі. Бор пастулаттары.
38-тақырып. Лазер және оның түрлері.
39-тақырып. Атом ядросының құрамы. Тәуелділік энергиясы. Масса дефекті.
40-тақырып. Радиоактивтік сәулелену мен түйіршіктерді тіркеу әдістері.
41-тақырып. Радиоактивтік ыдырау заңы.
42-тақырып. Ядролық реакциялар. Ығысу заңы.
43-тақырып. Элементар бөлшектер.
44-тақырып. Атом энергетикасының физикалық негіздері. Ядролық энергияны пайдаланудағы қауіпсіздік шаралары.
45-тақырып. Өзбекстанда ядролық физика саласында жүргізілген зерттеулер және олардың нәтижелерін халық шаруашылығында пайдалану.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Физика, 11 сыныб, Тұрдиев Н.Ш., Турсунметов К.А., Ғаниев А.Ғ., Суяров К.Т., 2018 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Хештеги: :: :: :: :: :: ::


Следующие учебники и книги:
Предыдущие статьи: