Физика, 6 сыныб, Турдиев Н.Ш., 2017

Физика, 6 сыныб, Турдиев Н.Ш., 2017.

Учебник по физике для 6 класса на казахском языке.

   Қолдарыңдағы кітап – сендер үшін жаңа оқу пәні болып табылатын «Физика» оқулығының алғашқысы. Бұдан кейінгі 7, 8, 9-сыныптарда физика пәнін оқып-үйренуді одан әрі жалғастырасыңдар.
Бұл оқу пәнін үйренудің не қажеті бар?
Айналаңа көз салғаныңда, жапалақтай жауып тұрған қарды немесе нөсерлете құйған жаңбырды, көк жүзінде қалқыған бұлттарды, тастантасқа секіріп сылдырлай ағып жатқан бұлақты немесе тау қойнауынан сарқырай құлаған асау өзенді көресің. Олардың барлығы да – табиғат құбылыстары. Бізді қоршаған ортадағы табиғи өзгерістер өмірімізге де тікелей ықпалын тигізеді. Табиғат үдерістерінің заңдылықтарын үйрену біз үшін оны тиімдірек пайдалануға мүмкіндік туғызады. Адам баласы табиғат заңдылықтарын үйрену барысында өзінің еңбегін жеңілдететін машиналарды ойлап тапқан. Қазір біз күнделікті өмірімізді электр энергиясынсыз, жанармайсыз, таза сусыз елестете алмаймыз. Электр энергиясын өндіретін машиналардың, электр энергиясы мен жанармайдың көмегімен жұмыс істейтін қондырғылардың негізін сендерге физика пәні үйретеді.
Машиналар мен механизмдерді басқару және жөндеу, тұрмыстық техниканы ұтымды пайдалану кезінде сендерге физика пәнінен алған білімдерің өте-мөте қажет болады.

Физика, 6 сыныб, Турдиев Н.Ш., 2017


БАҚЫЛАУЛАР МЕН ТӘЖІРИБЕЛЕР.
Айналамызды қоршап тұрған әлем жөніндегі алғашқы білімдерді біз құбылыстарды бақылау арқылы аламыз.
Болып жатқан құбылысқа ешқандай ықпал жасамай тұрып, оның ерекшеліктерін зерттеуді бақылау деп атайды. Мысалы, адамзат денелердің Жерге түсу құбылысын өте ерте замандардан бері бақылап келеді. Бақылаулар барысында мынадай екі сұрақ туылған: неліктен денені еркін жіберсе, ол тек төмен қарай ғана қозғалады? Оның түсу жылдамдығы нелерге байланысты? Ежелгі грек ғалымы Аристотель осы сұрақтарға жауап табуға әрекет жасаған. Ол дененің салмағы қаншалықты ауыр болса, оның түсу жылдамдығы да соншалықты тез болады деген идеяны ұсынған.

Итальян физигі Галилео Галилей өз заманында осы идеяны тексеріп көру үшін тәжірибе жасайды. Аңыздарға қарағанда, әйгілі Пизан жантайма мұнарасынан шар тәрізді жеңіл және ауыр салмақты денелерді бір мезгілде тастап көреді. Бұл денелердің жерге бір мезгілде келіп түскеніне сол арада тұрғандардың бәрі де куә болады. Бұл құбылысты сан рет қайталап сыннан өткізген соң, заңдылық ашылған. Осылайша Галилей жүргізген тәжірибе негізінде Аристотель идеясының дұрыс еместігі дәлелденген.

МАЗМҰНЫ.
Кіріспе.
І тарау. ЗАТТЫҢ ТҮЗІЛІСІ ЖӨНІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
ІІ тарау. МЕХАНИКАЛЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
ІІІ тарау. ДЕНЕЛЕРДІҢ ТЕПЕ-ТЕҢДІГІ. ЖАЙ МЕХАНИЗМДЕР.
ІV тарау. ЖЫЛУ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
V тарау. ЭЛЕКТР ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
VІ тарау. ЖАРЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ТУРАЛЫ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
VІІ тарау. ДЫБЫС ҚҰБЫЛЫСТАРЫ ЖАЙЛЫ АЛҒАШҚЫ МӘЛІМЕТТЕР.
Пайдаланылған әдебиеттер.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Физика, 6 сыныб, Турдиев Н.Ш., 2017 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Хештеги: :: :: ::