Биология, Ботаника, 6 сыныб, Пратов У., 2017

Биология, Ботаника, 6 сыныб, Пратов У., 2017.

Учебник по ботанике для 6 класса на казахском языке.

   Сендер бұл оқулықтан табиғатта өлшеусіз орын иелейтін өсімдіктер дүниесімен танысасыңдар. Сен өсімдіктер жайындағы алғашқы білімдерді бастауыш сыныптарда өтілген «Айналамыздағы əлем», «Табиғаттану» сабақтарынан біліп алғансың. Осы сабақтарда алған білімдерің сен үшін жаңа пəн – биологияның (тіршіліктанудың) бір бөлімі болып табылатын ботаниканы (өсімдіктануды) бұрынғыдан да тереңірек біліп алуыңа үлкен септігін тигізеді.

Биология, Ботаника, 6 сыныб, Пратов У., 2017


ӨСIМДIКТЕРДIҢ ТIРШIЛIК ПIШIНДЕРI.
Өсімдіктердің сыртқы ортаға əр түрлі пішіндерде бейімделуі тіршілік пішіндері деп аталады. Гүлді өсімдіктер тіршілік пішіндеріне қарай ағаш, бұта, шала бұта, бір жылдық, екі жылдық жəне көп жылдық өсімдіктер болып бөлінеді.

Ағаштар – діңі сүректенген, жалғыз жуан діңді, мықты тамырлары жəне бөрікбас бұтақтары бар, биік бойлы көп жылдық өсімдіктер. Алма, өрік, жаңғақ жəне шабдалы ағаштарының бөрікбас бұтақтары қомақты болса, қарағай мен теректікі жып-жинақы, түзу, ал қарағаш пен сəмбі талдың бөрікбасы шар тəрізді болып келеді (3-сурет). Табиғи түрде тараған ағаштардың жергілікті жағдайға орай бір-бірінен айырмашылығы болады. Таулардың орта бөлігіндегі аршалар бойшаңдау болса, ең биік жеріндегі аршалар аласа, яғни жерден биіктігі 0,5–1 метрдей ғана болады. Бұндай ерекшелік өсімдіктерді ұдайы есіп тұратын желден жəне қысқы аяздан сақтайды.

МАЗМҰНЫ.
Сөз басы.
І тарау. Өсімдіктер дүниесімен жалпы танысу.
§1. Ботаника – өсімдіктер жайындағы ғылым.
§2. Гүлді өсімдіктермен жалпы танысу.
§3. Өсімдіктердің тіршілік пішіндері.
ІІ тарау. Жасуша – тіршіліктің негізі.
§4. Өсімдік жасушасының құрылысы.
§5. Жасушалардың тіршілік қызметі.
§6. Өсімдік ұлпалары.
ІІІ тарау. Өсімдіктердің вегетативтік жəне генеративтік мүшелері.
§7. Тамыр түрлері мен жүйелері.
§8. Тамырдың сыртқы жəне ішкі құрылысы.
§9. Пішіні өзгерген тамырлар.
§10. Өркен.
§11. Сабақтардың алуан түрлілігі.
§12. Бүршік.
§13. Сабақтың ішкі құрылысы.
§14. Сабақ жүйесінің қалыптасуы.
§15. Жапырақтың сыртқы құрылысы.
§16. Жай жəне күрделі жапырақтар.
§17. Жапырақтардың өркенде орналасуы.
§18. Жапырақтың ішкі құрылысы.
§19. Пішіні өзгерген өркендер.
§20. Гүл – өсімдіктердің генеративтік көбею мүшесі.
§21. Гүлдердің алуан түрлілігі.
§22. Гүлшоғырлар.
§23. Жемістер.
§24. Тұқым.
ІV тарау. Өсімдіктердің тіршілік қызметі.
§25. Өсімдіктердің минералды қоректенуі.
Тамыр қысымы. Тыңайтқыштар.
§26. Қоректік заттардың сабақ бойымен қозғалуы.
§27. Жапырақта органикалық заттардың түзілуі.
§28. Өсімдіктердің тыныс алуы мен қоректенуі.
Өсімдіктердегі зат алмасу.
§29. Өсімдіктердің суды буландыруы.
§30. Күзге қорай өсімдіктер өмірінде пайда болатын өзгерістер.
§31. Өсімдіктердің көбеюі.
§32. Гүлдердің тозаңдануы.
§33. Гүлді өсімдіктердің жыныстық көбеюі. Ұрықтану.
§34. Жемістер мен тұқымдардың таралуы.
§35. Тұқымның өнуі.
§36. Өсімдік – біртұтас ағза.
§37. Өсімдіктер дүниесіне экологиялық себепшарттардың əсері.
V тарау. Өсімдіктер систематикасы.
§38. Өсімдіктер систематикасы туралы ұғым.
§39. Балдырлар. Бір жасушалы жасыл балдырлар.
§40. Көпжасушалы жасыл балдырлар.
§41. Қоңыр жəне қызыл балдырлар бөлімдері.
§42. Мүктер бөлімі.
§43. Қырықбуындар бөлімі.
§44. Қырыққұлақтар бөлімі.
§45. Жалаңаш тұқымды өсімдіктер бөлімі. Арша.
§46. Жабық тұқымды өсімдіктер туралы мəліметтер.
§47. Раушангүл тұқымдастар.
§48. Орамжапырақтəрізділер тұқымдасы.
§49. Алабота тұқымдастар.
§50. Құлқайыргүлділер тұқымдасы.
§51. Бұршақ тұқымдастар.
§52. Алқа тұқымдастар.
§53. Жүзім тұқымдастар.
§54. Асқабақ тұқымдастар.
§55. Күрделігүлділер (бақбақ) тұқымдасы.
§56. Лалагүл тұқымдастар.
§57. Пияз (жуа) тұқымдастар.
§58. Астық тұқымдастар.
§59. Жер бетінде өсімдіктер дүниесінің дамуы.



Бесплатно скачать электронную книгу в удобном формате, смотреть и читать:
Скачать книгу Биология, Ботаника, 6 сыныб, Пратов У., 2017 - fileskachat.com, быстрое и бесплатное скачивание.

Скачать pdf
Ниже можно купить эту книгу по лучшей цене со скидкой с доставкой по всей России.Купить эту книгу



Скачать - pdf - Яндекс.Диск.
Дата публикации:





Хештеги: :: :: ::