Книги по биологии для 10 класса на казахском языке.
Сендер 7 – 9-сыныптардағы оқу барысында биология сабақтарында табиғат туралы көптеген ұғымдармен және терминдермен, заңдылықтармен таныстыңдар. Бұл оқу жылында сендер биологияны үйренуді жалғастырасыңдар. Биология тірі организмдердің түзілуін, өзіндік ерекшелігін, көбеюін, дамуын, шығу тегін, табиғи топтармен және тіршілік ету ортасымен өзара қатынастарды зерттейді. Биологиялық білімдер саған әлемнің ғылыми жаратылысын кеңінен түсініп, болашақта тұлға ретінде қалыптасуың, мамандық таңдауың, ғылыми көзқарасты кеңейтуің, сондай-ақ экологиялық танымға ие болуың үшін негіз жаратады. Бұл оқулық жәрдемінде сен биология сабақтарында және дербес түрде тіршіліктің төменгі деңгейінен жоғары түзілу деңгейіне дейін табиғатқа тұтас жүйе ретінде қарауды, биологиялық түсінік, теориялар мен заңдылықтарды жалпылау, олар арасындағы себеп-салдар тізбегін ортанып бір жүйеге келтіруді үйренесің.
