Книги по биологии для 7 класса на казахском языке.
Сен, 1–6-сыныпта оқып жүргеніңде “Табиғи пәндер” оқулығында табиғат жайында көптеген түсінік және атаулар, заңдылықтармен таныстың. Бұл жыл сен жаңа пән – биологияны үйренуді бастайсың. “Табиғи пәндер” оқулығында алған білімдеріңді енді сен үшін жаңа пән – биология арқылы тереңдетіп барасың. Қолыңдағы мына оқулық біліміңді жетілдіруге көмек береді. Биология тірі организмдердің құрылысы және тіршілік заңдылықтары, көптүрлілігі, тарихи және жеке даму заңдылықтарын, сонымен адамзаттың тірі табиғатқа әсерін үйретеді.
Бұл оқулық көмегінде сен биология сабағында және өз бетіңше бактериялар, протисталар, саңырауқұлақтар және өсімдіктер, жануарлардың құрылысы мен тіршілік заңдылықтарын, олардың көбеюі мен дамуын, тірі организмдердің көптүрлілігін, олардың табиғат және адамзат өміріндегі маңызы туралы білімге ие боласың.








