Учебник по естествознанию языку для 4 класса на казахском языке.
Жазғы демалыста рақаттанып демалдың. Жаз өзіне тəн ғажайып мезгіл болып табылады. Бұл мезгілде күн ұзақ, ал түн қысқа болады. Күн сəулесi өлкеміз аумағына тіктеу түседі. Сондықтан күн ыстық, аспан бұлтсыз болады.
Жаз — балалардың ең сүйікті мезгілі. Жазда балалар өз теңдестерімен ойнайды, шомылады, табиғат игiлiктерiнен нəр алады. Жазда егiн даласы мен бау-бақшада еңбек қыза түседi. Егіндердің түбі қопсытылады, тыңайтқыш салынады, суарылады, зиянкес жәндіктерден тазартылады. Зиянкестерді жоюда қара тамақ боз торғай, қара торғай, қарлығаш, шымшық, сары шымшық сияқты құстар үлкен көмек береді.
