Учебник по казахскому языку для 10 класса на казахском языке.
Қымбатты оқушылар! Сендер Өзбекстан Республикасының азаматысыңдар. Еліміздің мемлекеттік тілі – өзбек тілі, дегенмен Өзбекстан Республикасында жасап жатқан ұлт өкілдері 7 тілде білім алып келеді. Солардың қатарында жүрегі қазақ деп соққан ел азаматтары да өзінің ана тілінде, яғни қазақ тілінде білім игереді.
Қазақ тілі – әуезді тіл. Тіл әуезділігін сақтау үшін орфоэпиялық норманы сақтап сөйлей білу қажет-ақ, ал сауатты жазудың лексикалық, грамматикалық, пунктуациялық нормалары бар. Ана тілінің осындай заңдылықтарын білу, атадан балаға мұра боп қалған тілімізді келер ұрпаққа жеткізу – сендердің борыштарың.
