Учебник по биологии для 10 класса на казахском языке.
Бұл оқулық Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 2017 жыл 6-сәуірдегі «Жалпы орта және орта арнаулы, кәсіби білімінің мемлекеттік білім стандарттарын бекіту туралы» 187-санды қаулысына сәйкес, биология пәнінен компентенциялық жандасуға бағытталған мемлекеттік білім стандарты негізінде дайындалды.
Қадірлі оқушы! 5–9-сыныптарда биологияның бөлімдері есептелген ботаника, зоология, адам және оның денсаулығы, цитология және генетикалық негіздері сияқты бөлімдерді үйренуде өмір қалыптарының алуан түрлілігі, олардың ерекшеліктері, негізгі биологиялық түсініктер, теориялар және заңдылықтармен таныстың. 10-сыныпта алғаш меңгерген білімдеріңді практикада қолданып, өмірдің (күнелтудің) төмен құрылым дәрежесінен жоғары құрылым дәрежесіне дейін табиғатқа біркелкі жүйе ретінде қарау, биологиялық түсініктер, теориялар мен заңдылықтарды тұтас түрде бір жүйеге келтіруді үйренесің.
Тақырып мазмұнын зейінмен оқып шығып, пайдаланылған шартты белгілер негізінде берілген тапсырмаларды толығымен орындауың болашақта тұлға ретiнде қалыптасу, ғылыми дүниеге көзқарасын кеңейту және экологиялық ойлауға ие болуыңа мүмкіндік жаратады.
